Каспий теңізінде құтқарылған Түркия азаматы отанына жіберілді
Каспий теңізінде құтқарылған Түркия азаматы үйіне жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылдың 31 желтоқсанында Жаңаөзен қалалық көпсалалы қалалық ауруханасына Түркия азаматы ауыр жағдайда жеткізілді. Науқасқа жедел түрде хирургиялық емдеу жүргізілді.
Түркияның шешімімен 2021 жылғы 5 қаңтарында науқас санитарлық авиациясы арқылы еліне кетті.
Науқасты Ақтау халықаралық әуежайы арқылы Түркияның солтүстік-шығысындағы Эрзурум қаласына жібердік.
Айта кету керек, 50 жастағы Түркия азаматы халықаралық көлік компаниясында жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Сарбаз" шекара кемесінің экипажы күрделі ауа-райы жағдайында "Академик Хасан Алиев" паромынан Түркия азаматын құтқару операциясын өткізгені хабарланған болатын. Медициналық көмекке мұқтаж ер адам Кендірлі шығанағы жағалауына шығарылды.