AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін – Ғалымдар дабыл қақты

Егер Каспий су деңгейінің төмендеуі тағы 25-30 жыл бойы жалғаса берсе, су қоймасы 2009 жылдың жазында оңтүстік бөлігі кеуіп кеткен Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін. Бұлай деп Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының академигі Фахреддин Гадиров айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, осыдан 100 жыл бұрын Каспий теңізіндегі су деңгейі қазіргіден 2 метрге жоғары болған. 2005 жылдан бері су деңгейі жыл сайын 10 сантиметрге төмендеп келеді. Егер Каспий су деңгейінің төмендеуі тағы 25-30 жыл бойы жалғаса берсе, оның солтүстік-шығыс бөлігі 2009 жылдың жазында оңтүстігі кеуіп кеткен Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін", - деді ғалым "Климаттың өзгеруі жағдайында Каспий теңізі деңгейінің ауытқуы, болжау және бейімделу шаралары" атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде.



Әзірбайжанның Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Биоәртүрлілікті қорғау қызметінің басшысы Мехман Ахундов Еділдегі судың азаюы Каспийдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге әкелуі мүмкін екенін айтады.

"2022 жылы Еділ өзеніндегі болжамды су мөлшерінің төмендеуіне байланысты Каспий теңізінің орташа жылдық деңгейі 2021 жылға қарағанда 20-23 сантиметрге төмен болады. Бұл Каспийдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге әкелуі ықтимал. Бұл мәселелерге биоәртүрліліктің жоғалуы және балық шаруашылығы жатады", - деді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр