AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сырдариядан айырылатын болдық": Өзеннің қазіргі жағдайы қызылордалықтарды алаңдатып отыр

Сырдария өзенінде су деңгейі күн өткен сайын төмендеп, су айдыны арыққа айналып барады. Бұл жағдай жергілікті халықты үрейлендіріп отыр. Биылғы егін науқанында суды әупірімдеп әрең жеткізген шаруалар келер жылға ешқандай болжам жасай алмайтындарын айтады. Билік басындағылар болса мәселені республикалық деңгейде ғана шешу керек дегенді алға тартады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде Сырдарияны жағалай қоныстанған қызылордалықтарда үрей басым. Кезінде арнасы асып, толқыны тулаған өзен көз алдарында арыққа айналды. Бұрын мұндай көрініске куә болмаған жандарды шенеуніктердің әрекетсіздігі қынжылтады. Табиғаттың байлығы сарқылған жағдайда өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы да төмендейтіні анық.

"Сырдария Әмударияның тағдырын қайталауы мүмкін. Өзенде мүлдем су жоқ, арасы үзіліп қалған тұстары да бар. Қараудың өзі аянышты. Облысымыз өзеннің жағасында орналасқан деп мақтанатын едік. Судың болмауынан азық-түлік те қымбаттап кетті. Қамбаш көлі мен Арал теңізінде де жағдай оңып тұрған жоқ", - дейді қала тұрғыны Қуаныш Төлеген.

Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Сала мамандарының айтуынша, су деңгейінің төмендеп кетуіне Шардара су қоймасынан келіп жатқан тіршілік нәрінің көлемінің аздығы себеп болған. Қыркүйек айынан бастап өткен аптаға дейін секундына 30 текше метр су келген. Қазір оның көлемін 50 текше метрге дейін көбейту мүмкін болды. Дегенмен, бұл өзекті мәселені шешпейді. Сырдарияның ендігі тағдыры көрші елдердің су саясатында ұстанатын позицияларына тікелей байланысты болмақ.

"Сырдария өзеніне қатысты мәселе өте күрделі. Аталмыш проблеманы шешу мақсатында біз еліміздің Премьер-министрі мен Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігіне арнайы ұсыным-хат жолдадық. Бұл құжатта Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттерімен Сырдария өзенінің төменгі ағысына су жіберу мәселесіне қатысты келіссөздерді жүргізу маңыздылығы көрсетілген. Өзекті мәселені республикалық деңгейде қозғап, шешу қажет деп ойлаймыз", - деді Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов.

Қазір Сырдарияның жағдайы арнайы құрылған халықаралық комиссияның бақылауында. Айта кету керек, аталған ұйым жыл сайын өзенге қатысты екі рет тексеру жұмыстарын жүргізеді. Белгілі болғандай, сәуір және қыркүйек айлары аралығында Қазақстан аумағындағы Сырдария өзеніне жоғарғы арналардан төрт млрд текше метр су келу керек болатын. Алайда, келісілген су көлемінің жартысы ғана тасталған екен. Соның салдарынан өзенде су тапшылығы орын алып, жағдай күрделеніп кетті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр