Kaspi.kz пен OYU жобасы алматылықтарға қала күніне арналған сыйлық жасады
Бұл M’DEE, Orynkhan және Розы Рымбаеваның орындауындағы жаңа "Гүл Алматы" трегі.
Музыкалық сыйлық идеясы жарты жыл бұрын пайда болған. "Гүл Алматы" әні бірден таңдалған. Оны көп жыл бұрын Александр Зацепин "Тақиялы періште" фильмі үшін жазып, алғашында Кеңес Одағының халық әртісі Ермек Серкебаевтың орындаған. Ән кейін Батырхан Шүкеновтің арқасында қайта танымал болды. "Дәл осы туынды Алматы күніне ерекше сай келеді және қалаға деген сүйіспеншілікті білдіреді", дейді режиссерлер Аида Аблаева мен Рина Наумова. Бұл жолы "Гүл Алматы" әнін аты аңызға айналған Роза Рымбаева мен танымал заманауи музыканттар M'DEE мен Орынхан орындайды.
Жаңа тректің түсірілімі 7 қыркүйекте өтті. Түсірілім алаңы - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, театр маңындағы гүлзар. Әртістер кадрда кездеспейді және әрқайсы тректі өзіндік нұсқада орындайды. Оларды музыканттар мен қаланың өзі сүйемелдеді.
Рина Наумова, режиссер
Алматы – жай ғана түсірілім орны емес, ол жеке кейіпкер іспетті. Біз қаланың көшелеріне, тұрғындарына деген сүйіспеншілігімізді жеткізгіміз келді. Сол себепті кадрларда тек саябақтар мен скверлер ғана емес, қала тұрғындары да бар.
Клиптің түсірілімі Kaspi.kz қолдауымен өтті. Бір жыл бұрын ең инновациялық технологиялық компания OYU-дың бас серіктесі атанды. Бұған дейін бірге жүзеге асырылған "Nauryz Special" жобасы қазақстандықтарға Наурыз мерекесінде сыйға тартылған еді. Енді кезек – Алматы күніне келді.
Аида Аблаева, режиссер
"Бізге Kaspi.kz-тің қолдауы аса қажет, себебі дәл осындай серіктестердің арқасында идеяларымызды толыққанды жүзеге асыра аламыз. Осындай танымал және бәрі қолданатын ірі брендтердің біздің қаламызға рахмет айту туралы ұсынысымызға қосылғаны маңызды. Яғни осылайша Kaspi.kz те Алматы мен оның тұрғындарына деген махаббатын білдіреді"
M’DEE
"Kaspi-дің осындай керемет шығармашылық жобаларға қолдау көрсетуі – сөзсіз үлкен плюс. Бұл біздің саламыз, Қазақстан үшін, қаламыздың және еліміздің шығармашылық ортасы үшін өте маңызды. Мен мұндай жобалардың пайда болып жатқанына қуаныштымын және олардың әлі де көбейетініне сенемін".
Роза Рымбаева
"Менің ойымша, табысты компаниялар мен табысты бизнесмендердің өмірін өз еліне деген сүйіспеншіліксіз елестету мүмкін емес. Бұл жоба да олардың өз қаласына деген сезімін білдіреді. Олар қала тұрғындары мен қонақтары үшін түсірілімдер мен концерттер ұйымдастырады, ал біз, әншілер, шын жүректен қатысамыз!"
Бірнеше түсіру тобы түсірілім алаңының әртүрлі бұрыштарында жұмыс істеді. Оқиғаны Orynkhan ашты – күннің атуы, оянған қала, алматылық үйлердің балкондары... Жарық, жылы және жанды…
Orynkhan
"Бәрі ойдағыдай болды. Осы бір үлкен жоба, бұл ертеңгі тарих деп есептеймін. Бұл интернет желісіне түседі, мәңгілікке қалады. Бүгін ғана емес, 10 жыл, 50 жылдан кейін де адамдар тындап, көре алады.Кішігірім архив ретінде сақталады. Сол үшін осындай сапалы архив, сапалы тарихтың жасалуына қатысып жатқаныма қуаныштымын".
Оқиға ары қарай M'DEE-дің орындауында жалғасты. Музыкант музыканттармен сөйлеседі, саябақтарда ән айтады және жол бойымен серуендейді.
M’DEE:
"Жалпы, жұмысымның үлкен бөлігі Алматымен байланысты. Қалай болғанда да, өзімді нағыз алматылық сезінемін. Мен бұл қаланы шын жүрегіммен жақсы көремін, сондықтан мұндай жобаға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Әсіресе "Гүл Алматы" әні мені музыкант еткен, музыкаға деген сүйіспеншілікті оятқан әндердің бірі".
Роза Рымбаева:
"Бұл әнді ұлы әншіміз Ермек Серкебаев орындаған. Ермектен кейін біздің сүйікті бауырымыз – өте жоғары деңгейдегі әнші, музыкант, композитор Батырхан Шүкенов орындаған. Енді осы жолы маған кезек келді. Мен, әрине, Батырханға да ұқсамаймын, Ермек ағаға да ұқсамаймын, мен Роза Рымбаева болып орындаймын. Себебі жарты ғасыр мен осы Алматыда тұрамын, ән саламын, неге бұл әнді орындап көрмеске? Өзімнің жүрегіммен, өзімнің даусыммен, өзімнің мәнеріммен орындаймын. Сондықтан бұл да Алматыға деген ерекше махабаттың белгісі".
Бейнеролик Роза Рымбаеваның орындауымен аяқталады. Әйгілі әнші тректі көптеген музыканттар мен сүйемелдеушілермен бірге орындады. Халықтың сүйікті әртісі үшін бес мың қызғалдақ гүлінен тұратын үлкен гүлзар жасалған.
Әдемі және жүректен шыққан бейнероликті Kaspi.kz және OYU YouTube арналарынан көруге болады.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
