Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kaspi bank туристік агенттік сатып алды

Kaspi.kz банкі Santufei туристік агенттігін сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Santufei компаниясының бас директоры Асхат Омаров 28 тамызда желідегі парақшасында хабарлаған болатын. Мәміленің нақты сомасы көрсетілмеген. Алайда Омаров компанияны Kaspi bank сатып алғаны туралы мәлім етті. 

Santufei туристік агенттігін сатып алғаны туралы ақпаратты Kaspi.kz банкінің баспасөз қызметі растады.

"Каспий банк Қазақстанның авиабилеттер саудасымен айналысатын алдыңғы қатарлы интернет компаниясының бірін сатып алды. Алайда тауарлар мен жаңа қызмет көрсетулер жайлы алдағы жоспарлар туралы банк ақпарат тарата алмайды", - дейді Kaspi.kz банкінің баспасөз қызметі. 

Santufei агенттігі ресми түрде 2014 жылдың ақпанында жұмыс істей бастады. Бұл әуе билеттерін іздеуге, брондауға және сатып алуға арналған алдыңғы қатарлы интернет компаниялардың бірі. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 01 Қыркүйек, 2020 10:00
Талқылау