Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпті қалай жеңіл жүргізуге болады?

Кәсіп ашу оңай, бірақ оны әрі қарай жүргізу қиын. Есеп-қисабы, қызметкерлердің жағдайы, салықтар және тағы басқасы бар. Stan.kz агенттігі мен ЦентрКредит Банкі кәсіпті оңай жүргізуге көмектесетін құралдарды ұсынады.

CRM жүйелері 

CRM (Customer Relationship Management) жүйелері –  тұтынушылармен қарым-қатынас орнатуға, кәсіпті тиімді әрі жеңіл жүргізуге арналған құрал. Кәсіпкердің мейрамханасы бар делік. Ол CRM жүйесі арқылы сол мейрамхананың сатылымын толық қадағалап отыра алады. Мейрамханасына келген қонақтарға қатысты барлық ақпаратты – олардың қалауын, ескертуін, мінезі жөнінде ақпаратты, байланыс нөмірін бір жүйеге енгізіп қоюына болады. Осылай, қолда бар мағлұматқа сүйеніп, адамдар мейрамханада не нәрсеге көп тапсырыс беретінін, қай өнім өтпей тұрғанын біліп, алдағы уақытқа жоспар құруға болады. Оған қоса үнемі келетін клиенттің қалауын біліп, соған ыңғайланса, онда ол адамның бұл мейрамханаға қайтадан келері сөзсіз. Менеджерлер осы деректер арқылы кәсіпті одан әрі дамытуына, маркетинг ұсыныстар ойлап табуына мүмкіндігі бар. 

Көпшілік арасында Salesforce, HubSpot, Zoho CRM және Microsoft Dynamics 365 сияқты CRM жүйелері кеңінен танылған. Бұл платформалар әртүрлі мүмкіндік ұсынады және шағын және ірі бизнес үшін қолайлы.

Онлайн-бухгалтер қызметі

Қазір барлық дерлік сала онлайн қызмет көрсетеді. Соның ішінде бухгалтер жұмысы да бар. Кәсібін енді ашқан жаңа кәсіпкерге алғашында бірнеше қызметкермен қоса, есепшіні, заңгерді бөлек жұмысқа алу қалтасына ауыр салмақ болуы мүмкін. Мұндай кезде көмекке онлайн-бухгалтер қызметі келеді. Дегенмен бұл тек жаңа кәсіпкерлерге емес, барлығына пайдалы құрал. Себебі ол кәсіптің қаржыға қатысты барлық ақпаратын бір жүйеге енгізіп, оны жеңіл басқарып отыруға мүмкіндік береді. Мәселен, QuickBooks, Xero және FreshBooks сияқты платформалар шығындарды қадағалауды, шот-фактураларды жазуды, салықты басқаруды оңайталады.

ЦентрКредит Банкінің онлайн-бухгалтер қызметі бар. Мысалы, кәсіпкер ол арқылы компания кірістері мен шығыстарын реттейді, қызметкерлердің жалақысын дұрыс есептейді, касса операциялары туралы деректерді салық органына жібере алады. Бұл жүйе салықтар мен төлемдерді уақытылы төлеу керек екенін ескертіп те отырады. Оған қоса жүйе арқылы қызметкерлерді жұмысқа алуға, оларды еңбекдемалысына жіберуге болады. ЦентрКредит Банкінің онлайн-бухгалтер жүйесі қауіпсіз, сол себепті клиенттердің дерегі тарап кетеді деп уайымдаудың қажеті жоқ. Бір сөзбен айтқанда, онлайн-бухгалтер қызметі кәсіпкерлерге есеп-қисаппен бас қатырып отыруға емес, өз бизнесін дамытуға көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

“Учет” жүйелердің экожүйесі 

Кәсіптің қаржысын, салығын, заң бойынша рәсімделген құжаттарын оп-оңай реттеуге арналған құрал – “Учет” жүйелердің экожүйесі. Оның әр жүйесін әртүрлі мақсатта тиімді қолдануға болады. Біріншісі – 1С “Бухгалтер Арсеналы” деген жүйесі.  Бұл кәсіпкерге не оның есепшісіне компанияның қаржысы туралы есеп жазуға, салыққа қатысты құжаттарды толтыруға, шот-фактураларды растауға көмектеседі. Оған қоса электрон шот-фактураларды дайындау қажет кезде ескертіп отырады. 

Екіншіден, Учет.Эдо жүйесі арқылы заңды құжаттардың түпнұсқасын онлайн форматта жіберіп-алып отыруға болады. Қазір көбі осы жүйені қолданады. Себебі маңызды құжаттардағы поштадағы басқа маңызды хабарламалармен араласып жатпайды. Оны көрмей қалу мүмкіндігі аз. 

Үшіншіден, ПРОФИТренинг жүйесіндегі дайын презентациялар, нұсқаулар, чек-листер арқылы жаңадан үйреніп келе жатқан немесе кәсіби есепшілер біліктігін жоғарылата алады. 

Айта кетері, ЦентрКредит Банкі “Учетпен” бірге арнайы бағдарлама жасады. Енді BCC Business клиенттеріне бухгалтерлерге арналған ең танымал бағдарламалар бойынша оқу үшін 20%-ға дейін және “Бухгалтер Арсеналы” қызметі үшін 30%-ға дейін жеңілдіктер беріледі.

bccpay

bccpay – кәсіпкерге смартфон арқылы төлемдерді қабылдауға көмектесетін мобайл қолданба. Оны пайдалану оңай: қолданбаны ашып, тұтынушы төлеуі керек соманы тереді. Кейін сол телефонның артқы жағына клиенттің картасын жай ғана тигізсе, төлем қабылданады. Тұтынушы соманы төлеп болған соң, оған электрон пошта, SMS немесе QR-код арқылы электрон түбіртек барады. bccpay-ды тәулік бойы қолдануға болады. Жүйенің тарифі төмен –  небәрі 0,8%-дан басталады. 

Оған қоса bccpay транзакцияларынан алынған ақша ертесі-ақ шотыңызға түсіп тұрады. Осылай, банк қаржы операциясын жылдам етуге тырысқан. 

Қолданба арқылы виртуал карта ашып та, қолдануға болады. Оған қоса кәсібін дамыту үшін несие лимиті арқылы 90 күнге дейін пайызсыз несие алуға болады. 

Әлеуметтік желі мен цифлық маркетинг

Қазір кез келген кәсіп, бренд, тіпті маман өз қызметін сату үшін жарнаманың түр-түріне жүгінеді. Бүгінде әлеуметтік желі арқылы өз кәсібіңді таныту тұтынушыларды тартатын ең маңызды факторға айналды. Мәселен, қазақстандық азаматтар көбіне Instagram, Facebook, Telagram, Tiktok сияқты әлеуметтік желіні қолданады. Осы құралдарды арқылы өз өніміңізді мақсатты аудиторияға көрсету үшін таргет жіберуге болады. Осылай, өзіне қажет клиенттерді шақыруға, сатылымын көбейтуге жәрдемдеседі. 

ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.

Талқылау