AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда кәсіпкерлер баға өсіміне "Қазақтан темір жолы" мен кеденді айыптады

Қарағандыда кәсіпкерлер "Қазақтан темір жолы" мен кеденді бағаны көтеруге мәжбүрледі деп айыптады. Сөздерінше, демалыс және мейрам күндері вагондар тұрғаны үшін жүз мыңдаған қаржы төлейді екен, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

вагон

Хасанат Аппасов шет елдерден тас сынды өнімдерді әкеледі. Мәрмәр мен гранит және өзге материалдарды ескерткіш жасайтын цехтарға сатады. Алайда тауар бағасына кеденде тұрған вагон ақысын да қосуға мәжбүр. Кейде вагондар кеденде 5 күнге дейін тұрады екен. 

"Егер жүк жұма күні түстен кейін келсе, уақытша сақтау қоймасына жібергенге дейін ештеңе істеп үлгермеймін. Кейде бұл сейсенбі күніне дейін созылып кетеді. Күніне 27-32 мың теңге аралығында төлеймін", - деді жеке кәсіпкер Хасанат Аппасов. 

Кеден кәсіпкерге өтуге рұқсат бермейінше вагоннан жүкті түсіруге болмайды екен. Ал ұзақ тұрған вагон үшін ақыны "Қазақстан темір жолы" алады. Бірақ компания демалыс күні жұмыс істемейді. Жеткізуші компанияда соңғы екі айда маневрлік локомотивтердің жетіспеуінен мәселе туындағанын мәлімдеді. 

"Бізде тендер өтіп жатыр, тек ақпан айында ғана келісімшарт жасалды. Салдарынан кідірістер болды, қазір мәселені шештік. Локомотивтер саны жеткілікті", - деді "ҚТЖ – жүк тасымалы" ЖШС бөлімі директорының орынбасары Қанат Ануарбеков. 

Ал кеденде мемлекет бойынша бекітілген бірыңғай жұмыс кестесіне сілтеді. Жұмыс күндері 9:00-18:30 аралығында жұмыс істейді екен. 

"Егінді жинау науқаны басталғанда, күзде комитет қаулысына сәйкес кезекші қызметкерлердің жұмысқа шығуы туралы бұйрық беріледі. Әр станцияға кеден қызметкерлері жеткіліксіз", - деді кедендік бақылау бөлімінің басшысы Айдос Нұркенов.

Кеденде тұрып қалғаны үшін төленетін қаржыны кәсіпкерлер тауар бағасына қосады. Нәтижесінде баға да өседі. Салдарынан сатып алушы шығындалады. Қазір кәсіпкерлер транспорттық прокуратураға шағым түсірген. 

"Кеден қызметкерлерінің жұмыс кестесін өзгертпеу немесе сенбі және жексенбі күндері вагондарды қабылдау үшін кезекшілікке шығу мәселесін талқылаймыз. Бұл атқарушы орган тарапынан болған кедергі деп есептейміз", - дейді Қарағанды транспорттық прокурорының орынбасары Жантас Әбдікеров. 

Ал кезекшілік жайлы шешімді Қаржы министрлігінің кедендік бақылаук комитеті қабылдау керек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр