Кәсіпкер Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
Фото: qamqor.gov.kz
Белгілі кәсіпкер, сотталған Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұрат Боранбаев Алматыда ақылы автотұрақ жүйесін іске қосу кезінде жасалған ұрлық дерегі бойынша келтірілген залалды толық өтеп, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін желтоқсан айында танымал кәсіпкердің ағасы ұсталғаны туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында тараған еді. Осыған байланысты Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару комитеті түсініктеме берді.
"2024 жылғы 18 желтоқсанда бұл қылмыстық іс Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетінің өндірісіне қабылданды. Іздеуде жүрген Мұрат Боранбаев өз еркімен келіп, ұсталды. Оның өтініші негізінде, Қылмыстық-процестік кодексінің 617-3-бабына және “Мемлекетке заңсыз алынған активтерді қайтару туралы” заңының 25-бабына сәйкес, кінәні мойындау және заңсыз алынған активтерді қайтару туралы процестік келісім жасалды", – делінген комитет жауабында.
2025 жылғы 28 ақпанда Алматы қаласы Алмалы аудандық соты кінәні мойындау және активтерді қайтару туралы келісім шарттары орындалуына байланысты Мұрат Боранбаевты қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Сонымен қатар келтірілген залалдың толық өтелгені хабарланды.
Табыс 162 миллион теңге: Абай Бегейдің қызы заңсыз лотерея ойнатты деген күдікке ілінді
"Ордабасы" футбол клубындағы ақша жымқыру ісі: Басты күдіктінің есімі аталды
Еске салайық, бұған дейін кәсіпкер Мұрат Боранбаев белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаевтың інісі. Ол Алматыда ақылы автотұрақ жүйесін енгізу кезінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп, 2022 жылы халықаралық іздеуге жарияланды.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
