"Қасына бір түйір тәтті қоспаған": Желіде "Күміс алқа" алған блогер келіншек ренішін жеткізді
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әзілкеш, тележүргізуші Ғалым Махамбетовтің әйелі, блогер Әсия Тәңірбергенқызы “Күміс алқа” алғанын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы орденнің қасына не гүл не тәтті қоспағанын айтып, ренішін жеткізді.
“Орден кітапшасын алдым. Енді шешпей ұйықтаймын. Қандай артықшылығы барын айтыңыздар?! Тегін коньки тебіңдер демесе болды. Өзімді кәрі кемпір сезініп жатырмын. Соғыс ардагерлерінде осындай кітапша болатын. Бала туу соғысқа барып келгенмен бірдей. Оны еркектер түсінбейді. Ең болмаса мына орденнің жанына шайнек қоспаған. Соны күтіп едім. Бір түйір тәттісі жоқ. Шай ішіңіздер деп бір түйір берсе болады ғой”, – деп ренішін жасырмады блогер келіншек.
-
2025 жылы елімізде көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы қаншалықты өседі
-
Жетісу облысында әкімдер мен директорлар мүгедектігі барлар мен көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыны жымқырған
Еске салайық, блогер "Күміс алқа" наградасын алуға қажет құжаттардың ішінде ананың өмірбаянын қолдан жазу керек дегенді әзілге айналдырған еді.
“Осы мәліметтің бәрі базада бар емес пе?! "Қыз сынына" қатысып жатқан секілдімін. Пакеттен көйлек жасап әкел демесе болар еді", – деді блогер.
Желі қолданушылары орден табыстаған мекемені қызу талқыға салды.
“Шымкентте гүл мен орамал берген”, “Бізді акиматқа кіргізбей, сырттан үлестірді”, “Қанша теңге қосылады екен?!”, “Көрімдік 300 мың теңгеден асса салық төлейсіз”, “Әкімдіктен не күтуге болады?!”, “Жемқор жүйенің көрінісі”, “Біз сыртта күтіп тұрып, алып кеттік”, – деп жазды көпшілік.