Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қасымда бол, асыл ерім": Алтынай Жорабаева күйеуіне сезімін білдірді

Алтынай Жорабаева 23 ақпан күніне орай жолдасына ізгі тілегін айтып, сезімін білдірді. Қыздарына қамқор әке болған азаматтың мақтауын асырды.

“23 ақпан Кеңес үкіметі кезінде отан қорғаушылар күні болды. Қазір өз елімізде 7 мамырды тойлаймыз. Алайда кеңестік кезеңде әскерге барған азаматтар үшін, бұл күн ерекше, ыстық болады. Ардақты ер азаматтар, сіздерді шын жүректен құттықтаймыз. Әсіресе, өзімнің азаматым, Әлішерім, сені мерекеңмен құттықтаймын. Отанды қорғау отбасына тірек, қорған болудан басталатын болса, онда сенің борышың адал. Маған сүйеу болар, сүйікті азамат деген ұғымды түсіндірдің. Қыздарыма қамқор әкесің. Алладан кейінгі қорғанымызсың. Біздің бағымызға сені берген ғой. Бақытымызға бар бол, қасымда бол, асыл ерім”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары бақыт тілеп, енді бірі мұндай жазбадан мезі болғанын айтып жатыр. 

“Оңашада құттықтаса аздық етеме жұбайларын?”, “Бақытты бол жаным, ұзағынан берсін, бұндай азаматтар аз ғой, әрқашанда қорғанышың болсын”, “Алтынай менімен аттас екенсің, құттықтағаныңа көп-көп рахмет. Алла риза болсын. Әлішеріңмен бай-қуатты болыңдар. Қыздарыңа қорған өзіңе өмірбақи серік болсын деп тілеймін”, “Біздің Қостанайдың жігіттері мықты ғой. Ылғи мақтап жазасыз жарыңызды. Қосағыңызбен қоса ағарыңыз”, “Қайта-қайта жаза берсе, мезі етеді екен”, – деп жазды олар.


Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 24 Ақпан, 2022 15:53
Талқылау