Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Президент Мақтаарал ауданында Сардоба су қоймасындағы апаттың салдарын жою жұмыстарының барысымен, зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысының барысымен танысады, сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездеседі.
"Арыс - сапар бағдарламасының келесі тармағы. Мұнда Мемлекет басшысы өткен жылы жарылыс болған әскери бөлімді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен, сондай-ақ жаңадан салынған және жөндеуден өткен үйлердің, қайта жаңғыртылған теміржол вокзалының жұмысымен танысады", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті жұмыс сапарын Түркістан қаласына сапармен аяқтайды. Бағдарламада Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысу, визит орталығы мен «Жібек жолы» жаңа саябағында болу қарастырылған.