Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ресей президентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Қазақстан мен Ресей арасындағы су тасқынына байланысты күрделі ахуал талқыланды. 

“Екі елдің бейінді мекемелері мен қызметтерінің өзара тығыз қарым-қатынасы, бірлесіп мониторинг жүргізу және жағдайды болжау, жедел әрекетті жүзеге асыру атап өтілді. Мемлекет басшылары осы жұмысты іске қосу туралы тапсырма беруге келісті”, – делінген Ресей президенті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ халықаралық және өңірлік мәселелердің кейбір аспектілері, оның ішінде Ресейдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, ал Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық ету тақырыбы да қозғалды.

Қазақстан-Ресей одақтастық қатынасын одан әрі жан-жақты нығайту келісілді. 

Айта кетейік, Қазақстанмен көршілес Орынборда 10 мың үй тасқын астында қалды.

Талқылау