Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда 10 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионы бой көтермек

тоқаев стадион көкшетауФото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетауда футбол стадионын салуды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының айтуынша, стадионның сыйымдылығы кемінде 10 мың адам болуға тиіс.

Президентке Көкшетаудағы тұрғын үйді реновациялаудың бесжылдық бағдарламасының сәтті іске қосылғаны туралы баяндалды. Сондай-ақ қалаға арналған жаңа бас жоспар таныстырылды.

2029 жылға дейін мұнда 175 ескі және апатты үй сүріліп, олардың орнына 3500 пәтерлі 35 заманауи үй салу жоспарланып отыр. Бұл шамамен 11 мың адамды қоныстандыруға мүмкіндік береді.


Қазақстанда жеті қалада 7 стадион салынбақ


Алматыда метро желісі 5 шақырымға ұзартылып, үш жаңа станция салынбақ


Еске салайық, бұған дейін Алматыда халықаралық талаптарға сай, 35 мың орындық жаңа футбол стадионы салынатынын жазған едік. Жоба УЕФА-ның 4-санатына сәйкес келеді. Нысан Құлжа мен Талғар тас жолдарының арасында, 15 гектар аумақта бой көтереді. Мұнда жаттығу алаңдары, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары, заманауи қауіпсіздік жүйелері және көлік-логистикалық хаб қарастырылған. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылы басталмақ. Сонымен қатар, 65 жылдан астам тарихы бар Орталық стадион сақталып, жеңіл атлетика инфрақұрылымы жаңғыртылады.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек, 2025 08:33
Талқылау