Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қашан тыйым салады?": Алматыда қызды самокат мінгендер қағып, кейін ол аяғын сындырып алған

самокатФото: Ольга Дядкинаның желідегі парақшасынан

Алматыда кәмелетке толмағандар мінген электросамокат қыз баланы қағып, оның аяғы сынған. Жәбірленушінің анасы жағдайды желіде жазып, мұндай жағдай баршаға сабақ болуы тиіс екенін айтып, істі соңына дейін жеткізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анасының айтуынша, самокатты кәмелетке толмаған екі бала жүргізген, ішіндегі ең ересегі 11 жаста. Онымен қоймай 6 жасар інісе де мінгесіп алған дейді жәбірленушінің анасы. 

"Бүгін сағат 16:15-те қызымды самокат қағып кетті. Оқиға 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағының аялдамасында болды. Қызым тротуарда тұрған, жолда емес. Сол сәтте самокаттағы 6 жасар бала құлап қалды да, бәрі қызымды кінәлай бастады. Ол қатты қорқып қалды. Кейін әлгі балалар қашып кетті, ал менің қызым аяғы ісіп, орнында қалды. Ауруханаға барамыз. Барлық куәгерден өтінемін, оқиғаны көргендер хабарлассын. Қашан ғана Алматыда мына самокаттарға тыйым салынады?! Қызым құрбысымен қоштасып тұрған еді, әрқайсысы басқа автобусқа мінбек болды. Самокат өз жолымен емес, тротуармен қатты жылдамдықпен келе жатты", – деді қыздың анасы.

Жылдамдығы соншалық, самокаттағы кішкентай бала ұшып кетті дейді қыздың анасы. 

"Оның үстіне самокатқа екі адам мінуге болмайды ғой. Ал менің қызым құлап, шошып тұрғанда, барлығы оны кінәлай берген. Кейін ғана аяғында проблема барын сезінді. Ауруханада дәрігерлер өте мұқият қарап, көмектесті. Рахмет оларға. Сол жерде арыз да жаздық, енді кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар айналысады. Күйеуім "қойшы, бәрібір әңгіме жүргізіп, түсіндіреді де қояды" дейді. Бірақ бұған келіспеймін. Осындай оқиғаларды бәрі жайына қалдырған соң бұл жағдай қайталана береді. Ертең қызым гипстен шығып, қайта серуендесе, тағы біреу соғып кетуі мүмкін. Әркім өз ісіне жауап беруді үйренуі керек. Бәрі өзінен басталады", – деп жазды Ольга Дядкина.

Жарақат алған оқушы ауруханаға жеткізілді. Анасы медициналық мекемеде тиісті арыз жазған.

Алматы полиция департаментінің дерегінше, оқиға Медеу ауданында болған.

“Электросамокат жүргізушісі кәмелетке толмаған қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір полиция тексеріс жүргізіп жатыр. Жауапты тұлға анықталып, заң аясында тиісті шара қолданылады”, – деді ведомство өкілдері.


Алматыда екі самокатшы жолды бөлісе алмай, төбелесіп қалды (видео)


Қазақстанда электрсамокат ережелерін бұзған жағдайда қанша айыппұл салынады


Еске салайық, Алматыда электросамокат жүргізушілерінің тәртібі ұзақ уақыттан бері қоғамда талқыланып келеді. Қала тұрғындары олардың тротуармен жүйткіп, жол қозғалысы ережелерін елемейтініне жиі шағымданады. Бұл мәселені Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында көтерген еді.

Айым Атамбаева
Сенбі, 13 Қыркүйек, 2025 19:43
Талқылау