Қашаған газ өңдеу зауытының 75 пайыздық үлесі катарлық компанияға сатылатын болды
Фото: freepik.com
Қашаған газ өңдеу зауытының құрылысына қатысты мәселелер шешіліп, 75 пайыздық үлесін катарлық компанияға сату жөніндегі келіссөздер аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министр Олжас Бектенов "QazaqGaz" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Санжар Жаркешовтан саланың мәселелерін талқылау қажеттігін айтып, шешілуі тиіс қандай мәселелер барын сұрады.
"Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысында проблемалар болды, оны өзіңіз білесіз. Құрылыс жұмыстары баяу болған еді. Қазіргі уақытта басқа бас мердігер келді. Жұмыс жүріп жатыр. Жабдықтар 100% Қытайда дайындалып, Қазақстанға әкелінуде. Енді белгіленген мерзімде жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз", – деді Санжар Жаркешов.
Оның айтуынша, Қашағанда қуаты 1 миллион текше метр құрылыс жедел қарқынмен жүріп жатыр.
"Сонымен қатар жобаны белгіленген мерзімде жүзеге асыруға жауапты Катар компаниясына 75 пайыздық үлесті сату бойынша келіссөздер аяқталды. Жұмыс кеңейтілді және белгіленген мерзімде аяқтау жоспарланып отыр", – деді Жаркешов.
Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қашаған кен орнының операторы "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." филиалынан газды шамадан тыс өртегені үшін 3,5 миллиард теңге өндіру туралы шешім қабылдағаны туралы жазған едік.

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
