Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қасақана жасады": Атышулы Амантай қажы әйелді итермегенін айтып ақталды

Амантай қажы әйелді итергенін жоққа шығарды

Фото: Видеодан скрин/ Амантай қажы/Жәбірленуші әйел

Әйелді баспалдақтан итеріп жібергені үшін қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқан Амантай қажы өзінің кінәсіз екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Амантай қажының айтуынша, бұл жағдайды белгісіз біреулер өзін қаралау үшін әдейі ұйымдастырды деп отыр.

“Бәрі өтірік. Мен оның кабинетінде, өзі жақсы әйел, кабинетінде талай кәмпит берген. Неге екенін білмеймін, сол жұма күні мұны қасақана жасады, алдымнан жүгіріп шығып, кішкентай ішіп алып, құшақтайды. Мен қолын қағып жібердім. “Оой” деп, құлап. Мен оны итерген емеспін”, – дейді ол.

Амантай қажының өзі сол оқиға болған спорт кешенінде бұрыннан шынығады екен. Шағымданушыны да біраздан бері танитынын айтты.

Еске салайық, әлеуметтік желіде белгілі қоғам белсендісі, 83 жастағы Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жібергені түсірілген видео тарады. Салдарынан жәбірленушінің жамбасы сынған. Зардап шеккен әйелдің қызы оқиғаның қалай болғанын баяндап берген еді.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 07 Тамыз, 2025 08:34
Талқылау
`