Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы мониторингі агенттігі әділет министрлігінің шендісі ұсталғанын растады

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының басшысы Руслан Сатывалдеевтің қамауға алынғанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Руслан

Фото: gov.kz

Руслан Сатывалдеевке ақша жымқыру дерегі бойынша айып тағылған.

“Қазір бізде қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол қаржы жымқыру және ысырап ету бойынша күдікке ілініп отыр. Оған қатысты қамауға алу бұлтартпас шарасы таңдалды. Өзге деректерді жария ете алмаймын. Ұрланған қарды сомасы өзгеруі мүмкін”, – деді мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін журналист Михаил Козачков Руслан Сатывалдеевтің миллиардтаған қаржыны жымқыру дерегі бойынша күдікке ілінгенін жазған еді. Оның сөзінше, қаржы республикалық бюджеттен психотроптық және есірткі заттары бойынша сараптама жүргізуге арналған құрылғы сатып алуға бөлінген. 

Еске салайық, Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істің тіркелгенін растаған еді. 

Талқылау