Перизат Қайраттың анасы да қылмыстық іске қатысты күдікті деп танылды
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істің тіркелгенін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Перизат Қайраттың Instagram парақшасынан
Елемесовтің айтуынша, Ғайни Алашбаеваға алаяқтыққа, қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастыруға көмектесті деген айыптар тағылған.
"Әзірге Алашбаеваға қатысты бұлтартпас шарасы таңдалған жоқ, қамауға алынбады", – деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар қылмыстық істе Перизат Қайрат пен анасынан басқа күдіктілер жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерден де жауап алынбаған.
Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс тіркелгені туралы ақпарат әлеуметтік желіде 20 желтоқсанда тараған еді.
Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайратқа мүгедек балаларға арналған орталық салуға жиналған 22 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылғаны туралы хабарлаған едік.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен