Қазақстан шекарасында 6,5 миллион қорап темекі контрабандасы тәркіленді
Маңғыстау облысында Түркіменстаннан әкелінген контрабандалық темекі партиясы ұсталды. Олар кедендік бақылаудан жасырын өтпек болған.
Фото: ҚМА
Қаржы мониторингі қызметкерлері мен көлік прокуратурасы, ҰҚК шекара қызметі және Маңғыстау облысының МКД контрабанданы анықтады.
Ұсталған автокөліктің жүкқоймасында темекі кораптары болған. Ал жолқұжаттарында басқа тауар деп жазылған.
6,5 миллион қорап темекінің кедендік құны – 1,5 миллиард теңге, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар – 1,8 миллиард теңге.
Қазіргі уақытта аталған дерек негізінде экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Алайда департаменттер 201-бабына сәйкес, өзге ақпаратты бөлісуден бас тартты.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”