Қаржы министрлігі мобильді аударымдар туралы бұйрық дайындап жатыр: Қандай өзгеріс енгізіледі
Фото: freepik.com
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мәжілісте азаматтардың мобильді аударымдарын тексеру тәсілдеріне орай жоспарланып отырған өзгерістер туралы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Салық органдары енді үш ай қатарынан ай сайын 100-ден астам түрлі жөнелтушіден аударымдар алатын адамдардың есепшотын тексереді. Үкімет бұл критерийді трансферттердің жалпы сомасын есепке алу арқылы толықтыруды ұсынды. Егер ол 12 ең төменгі жалақыдан (шамамен 1 миллион теңге) асып кетсе, бұл тексеруге негіз болады.
Біржановтың айтуынша, 30 сәуірде Мәжіліс қолданыстағы Салық кодексіне, оның ішінде мобильді аударымдарға қатысты нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Құжат Сенатқа жолданды. Оны бекіткеннен кейін Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк нақты критерийлермен бірлескен бұйрықты бекітеді.
"Негізінде тәсілдер анықталып қойған: үш ай қатарынан 100 түрлі адамнан аударымдарды алу, оған қоса аударымдар сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асуы керек. Бұл қазір 1 миллион теңгеден асады", – деді Біржанов.
Бұйрық маусым айында күшіне енсе де, банктер мәліметтерді салық органдарына жылдың соңында береді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда мобильді аударымдарды тексерудің ең төменгі шегі көтерілгені туралы жазған едік.

Автокөлікпен Алматыдан Парижге дейін: Қазақстандық ерлі-зайыпты алты баласымен 9 елді аралаған
