Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауыл аманатына" бөлінген 13 миллиард теңге сұлулық салондарын, сауналар, мейрамханалар және дүкендер ашуға жұмсалған

қаржы министріФото: үкімет

"Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша 2 мыңға жуық қарыз алушы 13 млрд теңге несиесін ауыл шаруашылығын дамытуға қатысы жоқ мақсатқа жұмсаған. Мемлекет қаражаты сұлулық салондарын, сауналар мен мейрамханалар, дүкендер ашуға жұмсалған. Бұл туралы үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көлеңкелі экономикамен күрес жөніндегі өзінің баяндамасында ол бюджет қаражатын пайдалануға жүйелі түрде жүргізілетін мониторинг туралы айтты. Қаржыны мақсатсыз жұмсау деректері әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметінде де анықталған.

"Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мемлекеттік қолдауды баю құралына айналдырып отыр, олар алған несиелерін пайыз түрінде кіріс алу үшін банктерге депозит етіп салады. Мұндай деректер Түркістан облысында 2 млрд теңгеге, Абай облысында 152 млн теңгеге анықталды", – деді министр.

Мәди Такиевтің айтуынша, мемлекеттік қолдауды мақсатсыз жұмсаудан бөлек ведомство өзге де схемалармен күресуде. Шағын және орта бизнес секторында салықтарды барынша азайту және төлеуден жалтару әрекеттері көп. Мысал үшін, бір заңды мекенжай бойынша бірнеше компанияны тіркеу белең алған. Деректерге сәйкес, тек 3,5 мың мекенжайда 20 мыңға жуық компания тіркелген, олардың салықтар бойынша берешегі 60,4 млрд теңге болған.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 07 Қазан, 2025 11:59
Талқылау