Ішімдік бөтелкелері, темекі қораптары мен пневматикалық қарулар: Ақмола облысында балалар лагерінен тыйым салынған заттар табылды
Бас прокуратура Ақмола облысындағы балалар лагерінің қызметінен бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресми деректерге сәйкес, Бас прокурор Берік Асыловтың тапсырмасы бойынша Ақмола облысының прокуратурасы балалар лагерлерінде кешенді тексеру жүргізеді. Тексерістердің нәтижесі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық заңнама талаптарын, өрт қауіпсіздігі, еңбек, білім беру, медициналық заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталды.
"Мәселен, балаларды сауықтыру орталықтарының бірінде 21 қызметкердің 18-і еңбек шартынсыз және санитарлық кітапсыз жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар прокурорлар бір мезгілде балалардың белгіленген нормадан артық болу фактілерін анықтады (демалыс лагеріне 100 баланың орнына іс жүзінде 170 бала келген)", – деді Бас прокуратураның ресми өкілі.
Мәліметтер бойынша, іргелес аумақтар мен балалар лагерьлерінің үй-жайларын тексеру кезінде рұқсат етілмейтін заттар – алкогольдік ішімдіктердің бос бөтелкелері, темекі қораптары, құрамында алкоголь бар сусындарды өндіруге арналған самогон, пневматикалық қару, егеуқұйрықтың уы табылған.
"Кейбір денсаулық сақтау мекемелерінің әкімшілігі балалардың өміріне қауіп төндіре отырып, оларды суға түсуге тыйым салынған орындарға тиісті нұсқаушылар мен құтқарушылардың ілесуінсіз алып кеткен фактілер анықталды. Прокуратура органдары тексеру жұмыстарын жалғастырып, тиісті шаралар қабылдайды", – деді Бас прокуратураның ресми өкілі.