Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кейін бағасын шарықтатады": Павлодар облысында тау болып үйілген көкөністердің видеосы қызу талқыға түсті

Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы тау болып үйілген көкөністер түсірілген видео жұрттың қызу пікірталасын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Куәгерлер Instagram парақшасына үйіліп жатқан картоп, сәбіздерді он шақты адамның қалай жинап жүргенін түсіріп жүктеген.

"Сақтайтын жер болмаған соң лақтырады. Кейін жасанды түрде бағаны шарықтатады.Қоятын орын таппай лақтырған ғой",  – дейді видео авторы.  

Желі қолданушылары да өз кезегінде видео астына бағаның қымбаттағанын біле тұрып көкөністерден қоқыс полигонын құрау дұрыс емес, ең болмағанда мал азығы ретінде ауыл тұрғындарына неге тегін таратпаған деп наразылықтарын білдірді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бұған қатысты көкөніс кәсібінде де рұқсат етілетін шығындардың болатындығын атап өтті. 

“Стандартқа сай емес картоп сәбіздердің өтімсіз тауарға айналатындығын, тасталған өнімдердің барлығы зақымдалған тамырлы дақылдарға жататындығын ескертті. Бұл тәжірибе барлық шаруашылықтарда қолданылады. Сондықтан тұрғындар да өздеріне қажеттісін оңай сұрыптап ала алады”, – дейді шенеуніктер.

Талқылау