Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Карло Анчелотти Бразилия құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Фото: Stan.kz

Карло Анчелотти ресми түрде Бразилия ұлттық футбол құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анчелотти 2025 жылдың 26 мамырында, "Реал Мадридпен" Ла Лига маусымын аяқтаған соң, жаңа қызметіне кіріседі.

Бұл — тарихи оқиға: Анчелотти соңғы 100 жылда Бразилия ерлер құрамасын басқарған алғашқы шетелдік жаттықтырушы болмақ. Оның келісімшарты 2026 жылғы әлем чемпионатына дейін жасалған. Егер нәтиже жақсы болса келісімді әрі қарай 2030 жылға дейін ұзартылу мүмкіндігі бар.

Карло Анчелотти — футбол тарихындағы ең атақты жаттықтырушылардың бірі. Ол Чемпиондар лигасын бес рет жеңіп алған: екі рет "Миланмен", үш рет "Реалмен". Бұл тағайындау Бразилия футбол конфедерациясының ұлттық құраманы әлемдік көшбасшы деңгейіне қайта шығару мақсатын білдіреді.

Айта кетейік, Анчелотти жетекшілік ететін алғашқы матч 2025 жылғы 6 маусымда Эквадорға қарсы өтеді. Бұл ойын 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында өтпек.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 14:52
Талқылау