Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қариялардың алдында бөксесімен билеген Ерке Есмахан сын астында қалды (видео)

Ерке Есмахан сахнада бөксесімен билеймін деп сын астында қалды. Әншінің желіде оқырмандары оның биін ерсі деп қабылдады. 

Ерке Есмахан сахнада бөксесімен биледі. Әнші тыңдармандарының қошеметіне бөленіп, еркелей түсті. Алайда оның еркелігін көтере алмаған тыңдармандары бар. 

“Ерке ханым, қариялардың алдында бөксеңізді сонша бұлғаңдатқаныңыз не?”, “Ерке Есмахан жақсы әнші, онда тұрған не бар?”, “Артық кетті”, “Әжелерден ұят болды ғой”, “Бұлай күйеуіңнің алдында ғана билеу керек”, “Артық ешнәрсе көріп тұрған жоқпын”, “Ерке әнші ғой, ерлелеп билейді”, “Мен қабылдай алмаймын”, “Бәрі есіреп кетті”, “Тіпті іш киімі көрініп тұр ғой, сонда не көрсетіп тұр?–деп жазды желі қолданушылары. 

Әнші желіде қысқа көйлек киген суретін жариялады. Оған сын айтушылар табылды. 

“Төрт мезгілдің ішінде көктем ғана сезім, сенім, махаббат, үміт, шабыт сыйлайтындай… Көктемнің жыл сайын келетіні қандай жақсы
Қызық, осы мезгілде күйзеліске түсетін адамдар бар ма екен?”, – деп жазды Ерке Есмахан. 


Мөлдір Төлебай
Сейсенбі, 29 Наурыз, 2022 07:40
Талқылау