Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәрім Мәсімов пен Самат Әбіш қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнында болған – ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнында болған. Бұл туралы мәжіліс кулуарында ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәсімов

"Кәрім Мәсімов пен Самат Әбіш қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнында болды. Қандай бұйрық бергені туралы айта алмаймын, қазір тергеу мән-жайды анықтап жатыр", – деді Асқар Әмірханов. 



Әмірханов күзге қарай ҰҚК басшыларының сотына қатысты ақпарат белгілі болуы мүмкін екенін айтты. Ал сот отырысының ашық немесе жабық өтуін сот органдары шешеді екен. 

Айта кетейік, бұған дейін Асқар Әмірханов Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеген еді. 

Назархан Уән
Сәрсенбі, 22 Маусым, 2022 11:04
Талқылау