Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәрім Мәсімов 15 шақырымдық велоқашықтықты бағындырды (фото)

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанада өтіп жатқан дуатлоннан турнир аясында 15 шақырымдық велоқашықтықты бағындырды.

20160626140245

Бұл туралы Үкімет басшысының Pm.kz ресми сайты хабарлады.

Атап айтар болсақ, веложүру барлық жарыстың үш кезеңінің екіншісі болып табылады. Бұған дейін қатысушылар 5 шақырым жүгіріп өтті. Соңғы кезеңде – қайтадан 5-шақырымдық қашықтыққа жүгіру.

р

Қашықтық бойы Кәрім Мәсімов жақсы дене дайындығын көрсетіп, көшбасшы топтардың бірінде келеді.

Министрлер кабинетінің басшысы екінші кезеңді аяқтаған кезде кейбір қатысушылар әлі бірінші кезеңді аяқтамаған болатын. Алайда, марафонды аяқтап қойғандар да бар. Олардың ішінде: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев.

20160626140236

Естеріңізге салсақ, 26 маусымда Елорда күнін мерекелеуге арнап Астанада екінші рет дуатлоннан ашық қала турнирі өтіп жатыр. Биыл жарыс қатысушылары 25-шақырымдық қашықтықты бағындырады. Бұл арақашықтық кездейсоқ таңдалған жоқ – жолдың ұзақтығы мерейтойлық дата – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығымен сәйкес келеді.

«Астана-дуатлон-2016» жарысына 16 жастан асқан барлық тілек білдіргендер қатыса алады.

Жіберіп алмаңыз:

«Астана» велошабандозы «Швейцария турының» жеңімпазы болды

Шымкент әкімі велосипедке мініп қаланы аралады

Талқылау