Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарбыздан уланғандардың жұмбақ өлімі: Көз жұмғандардың қанынан өлімге әкелетін у табылды

Мәскеуде бүтін бір Ефремовтар отбасы супермаркеттен алынған қарбыздан уланды. Әжесі мен немересі көз жұмып, анасы жансақтау бөліміне түсті. Бұдан соң олардың көршілері кезекпен ауруханаға түсе бастады. Олардың арасында әйелдер, қарттар, балалар бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап. 

61 жастағы әйел мен оның 15 жастағы немересінің қанынан улы зат – этиленгликольдің іздері табылды. 

У ағзаға енсе өлімге әкелуі мүмкін. Этиленгликоль тежегіш сұйықтықтардың және антифриздердің, яғни шыны жууға арналған сұйықтықтар мен аяқ киімге арналған кремдердің құрамына кіреді.

Алайда сол маңда тұратындар көршілерінің қарбызбен уланғанына сенбейді. 

Зардап шеккендердің кейбірі қауындарды жеген жоқ дейді. Сонымен қатар дүкенде тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді.

Ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Үй тұрғындары жөндеумен айналысатын жұмысшылардың үнемі химиялық заттар алып жүретінін айтады. 

“Әр факт тиісті түрде тексеріліп, тиісті бағаланады", – дейді БАҚ-пен өзара әрекеттесу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Людмила Нефедова. 



Сондай-ақ полицейлер зардап шеккендер тұратын пәтерлерді аралап шыққан. Бұдан соң үй тұрғындарын 20-ға жуық дәрігер тексерді. Барлық медициналық көмекке жүгінгендердің бір-біріне жақын тұратыны анықталды. 

Санитарлық қызмет су мен ауа сынамаларын алды. Үйдің жертөлесіне барып, су мен коммуникацияның сапасын тексерген. 

Еске сала кетсек, Мәскеуде үш адамнан тұратын отбасы Магнит дүкенінен қарбыз жегеннен кейін ауруханаға түскенін жазған болатынбыз. 

Талқылау