Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне қайта тағайындалды

Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі болып қайта тағайындалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда ұсынған ақпаратқа сүйеніп.

ербол

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген сейсенбіде тараған мәліметте.



Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрлігін 2021 жылғы шілдеден бастап басқарып келеді, оған дейін 2021 жылғы сәуірден шілдеге дейін Қаржы вице-министрі болған. Одан бұрын 2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін "ҚазАгро" холдингі" АҚ басқарма төрағасы болды.

Талқылау