Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі қызметін сақтап қалды
Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі болып қайта тағайындалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда ұсынған ақпаратқа сүйеніп.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген сейсенбі күні тараған ақпаратта.
- Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымына қайта тағайындалды
- Бұрынғы энергетика министрі Болат Ақшолақов президенттің кеңесшісі болды
Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына алғаш рет 2022 жылдың маусым айында келді. Оған дейін 2022 жылдың ақпан айынан бастап Мәжіліс депутаты, одан бұрын, 2018 жылдан бастап BTS Digital білім беру жобаларының жетекшісі, BTS Education бас директоры болған.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді