"Қарашашты ойламады": Дариға Бадықова бауырына басқан қыз туралы айтты
Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/
Дариға Бадықова бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың арада бала жоқ деген мәлімдемесіне жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актриса журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында пікір білдірді.
"Ортамызда бала жоқ. Мен баланы тастап кететіндей көкек ана емеспін. Қарашаш – мен өзім бауырыма алған қыз. Мен оған ерекше мейірімімді бердім. Қатарынан қалдырмадым, оқыттым. Дархан деген кісі Қарашаштың өмірін де ойламай айтып отыр. Қарашашқа да ауыр тиіп жатыр", – деп жауап берді.
Еске салайық, актрисаның күйеуі қызын әпкесінен асырап алғанын айтқан еді.
“Арамызда бала жоқ. Бір қызы бар деген – ол Дариғаның бір жас үлкен туған әпкесі бар, соның қызы. Соны 4-5 жасынан бастап асырап алған. Бауырымызға бастық. Бала бола алмау себебіміз екі жақтан да болды", – деді ол.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген