Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарапайым адам түсінбейді: Назарбаев Ақышевтың баяндамасын сынға алды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтен халыққа “7-20-25” тұрғын-үй бағдарламасының шарттарын қарапайым тілмен түсіндіріп беруді сұрады. Ақышев сенбі күні Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXVI сессиясында сөз сөйледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Данияр Ақышев

“Осылай айтатын болсаң, қарапайым адам ештеңе түсінбейді. Данияр Талғатұлы – нағыз қаржыгер, өз ісін жетік біледі. Сөз сөйлеп, айтып беріңіз деп сұрадым. “Ұлттық банк төлеп, ақшаны береді”. Ең бастысы – баспана салуға ақша беру керек, бары сол, басқасы адамдарды қызықтырмайды”, – деді президент Ақышевтің есебінен кейін.

Ал Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев тұрғын-үй бағдарламасының орындалатынын атап өтті.

“Нұрсұлтан Әбішұлы, барлығы дайын болады. Адамдар 2018 жылдың екінші жартысынан бастап банктерге жүгініп, шарттары келіскен жағдайда, “7-20-25″ бағдарламасы аясында несие ала алады”, – деді Ақышев.

Айта кетейік, “7-20-25” бағдарламасы бойынша, әр қазақстандық несиеге пәтер ала алады. Қазақстандықтар келесідей шарттар бойынша ипотекалық қарыз ала алады: несие бойынша сыйақы төлемі – жылына 7%-дан аспайды, алғашқы жарна — 20%-дан аспайды, несие берілу уақыты — 25 жылға дейін. Жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша кредит беру тек қана ұлттық валютада жүзеге асады.

Тағы оқыңыз: 

Назарбаев: Миллиондаған қазақстандықтар “7-20-25” бағдарламасы бойынша баспаналы бола алады

Назарбаев Астананың 20 жылдығын «шығынсыз» атап өтуді тапсырды

Астана қаласына арналған 2018 жылғы ораза және намаз кестесі

Алматы қаласына арналған 2018 жылғы ораза және намаз кестесі

Талқылау