Қарақаттың қызына арнаған әні көптің жүрегін елжіретті (видео)
Қарақат Әбілдина кішкентай сәбиіне арнаған әнін халыққа ұсынды. Құрмаш Маханның әні мен Назира Бердалының сөзіне жазылған туынды “Ұйықтасын тыныш сәбилер” деп аталады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші желідегі парақшасына әннің үзіндісін жүктеп, тыңдармандарын тәнті етті. Желідегілер бесік жырына татитын бұл әнді жаңадан ана атанған Қарақаттың ғана жүрекке жеткізе алатынын жарыса жазып жатыр.
Қарақаттың видеосын 200 мыңнан аса жан тамашалап, 1000-ға жуық адам пікір қалдырыпты.
“Қызы дүниеге келгелі нәзік бола түскен сияқты”, “Керемет, өте нәзік ән және сыңғыр дауыс”, “Тербеліп, өзімнің ұйқым келіп кетті әуеніңізге”, “Не деген əдемілік! Тазалық! Ең бастысы қазақилық! Өнер жолындағы қыз-келіншектер Қарақат ханымнан үлгі алса нұр үстіне нұр болар еді. Қарасаң қарай бергің келеді екен. Ғажап! Аман болыңыз”, “Не деген керемет ән, керемет дауыс! Бесігіңді осы әнді айтып отырып тербетіп, бөбегіңді әлдилесең өзіңнің жан дүниеңде тамаша көңіл күйге енеді екен. Рахмет, саған, қазақтың өнерлі қызы”, – деп тамсанды олар.
Жіберіп алмаңыз:
Әлішер Кәрімов халыққа қалыңдығын көрсетті
Қарақат: Төртінші ұлыма жүкті кезімде дәрігерлер қыз болады деп алдады
Министр Абаев пен Ерлан Қарин Баян Есентаеваға қолдау көрсетті (видео)
Қайрат Нұртастың келіншегі отбасындағы тойда ерекше көзге түсті (фото)