Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат: Төртінші ұлыма жүкті кезімде дәрігерлер қыз болады деп алдады

Қарақат Әбілдина босанғаннан кейін алғаш рет телеарнаға сұхбат беріп, өміріндегі және шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Әнші құрсағындағы сәбиінің қыз болатынын естігенде жылап жібергенін айтты. Қарақаттың айтуынша, төртінші ұлына жүкті болған кезде дәрігерлер оны «қызды боласың» деп алдапты. Десе де, әнші асықтай төрт ұлды дүниеге әкелгеніне еш өкінбейді.

21042048_2018452441707719_4643553808180314112_n

Бұл туралы «Қазақстан» арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.

«2017 жыл мен үшін есте қалатындай болды. Басты жаңалығым – бала мен ана махаббатына бөленіп жатырмын. Эфирді пайдалана отырып, барша тілектес болған көрермендеріме алғыс білдіргім келеді. Сіздердің тілеулеріңізбен көптен бергі арманым орындалды. Алғашқыда қыз боларын естігенде сенген жоқпын. Қуаныш сезіммен көзіме жас келді. Ғажап күй кештім. «Көптен күткен қызы» деп әкесінің есім қойғанын қаладым. Әкесі толғанып, қызымыздың есімін Аяла деп қойды», – дейді әнші.

Бұдан өзге, Қарақат Аяланың үш айдан асқанын айтып қуанды.

«Жайлап бетіме қарап күлетін болды, тәтті қылықтары шығып келе жатыр», – деп бөлісті ол.

Қарақат төртінші ұлына жүкті кезде дәрігерлерге алданып қалғанын еске алды.

«Төртінші ұлыма аяғыма ауыр кезде дәрігерлер мені алдаған болатын. Қыз бала болады, қызға ұқсайды деп, кейін: «Ренжімеңізші, біз сіздің көңіліңізді түсіргіміз келмеді», – деп айтты. Оған ренжімедім, ұлым тәтті, қазір Айсұлтаныма жететін бала жоқ», – дейді Қарақат.

Әнші қазіргі уақытта мектеп маусымына қызу дайындалып жатқанын атап өтті. Қыдырәлі мен Қарақаттың тұңғышы Бекболат биыл 11-сыныпқа аяқ басыпты. Ал одан кейінгі ізбасарлары төртінші және екінші сыныпта оқиды екен. Аяланың кенже ағасы Айсұлтан болса балабақшаға барады.

Жіберіп алмаңыз:

Министр Абаев пен Ерлан Қарин Баян Есентаеваға қолдау көрсетті (видео)

Майғазиевтің жары: Сәкенге жас қыздар қарайды, мен үйден оны соған лайықты баптап шығарып саламын (фото)

Қайрат Нұртастың келіншегі отбасындағы тойда ерекше көзге түсті (фото)

Айдарбековтер отбасы ұлдарының үйлену тойын Алматының төрінде тойлады (фото,видео)

Талқылау