Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат сәбиінің кімге ұқсайтынын айтып, есімінің мағынасын түсіндірді (видео)

Қызды болған Қарақат Әбілдина босанғаннан кейін алғаш рет сұхбат берді. Ол қызының кімге ұқсайтынын, оның болашағынан не күтетінін жасырмай айтты. Сондай-ақ, көптен күткен қыздарын не себепті Аяла деп атағандарын түсіндірді.

18512506_1231241727004252_5268451187308363776_n

Бұл туралы Қарақат блогер Эльвира Ерғалинаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші 40 күннен кейін шәкірттері үшін алғаш рет сәбиін үйге қалдырып кеткенін айтты.

“40 күн қырқынан шыққанша, ешқайда шықпай, тек қана баламның бетіне қарап, бөпемді бағып, қағып, бүгін рұқсат сұрап, мектебімнің осындай үлкен іс-шарасына, мен келмесем шәкірттерім де мұңайып, жабырқап қалмасын деп бөпемнен рұқсат сұрап шыққан күнім, бірінші күн шығып тұрмын”, – деді Қарақат.

Бұдан кейін әнші қызының өзіне ұқсамайтынын мойындады. Көптен күткен қыздарына есім беру мәртебесін өмірлік жолдасына қалдырғанын да жасырмады.

“Аяла әкесіне ұқсайды, маған әзірше ұқсамайды. Кейіннен мүмкін өзгеретін шығар деп ойлаймын.

Осы жолы бірден айттым, есімін қоюға ешқандай кіріспей-ақ қояйын, өзі әкесі қойсын деп басынан солай шештік. Әкесі ойланып, толғанып… Әртүрлі нұсқалардың ішінен есім қою оңай болған жоқ. Алланың аялаған алақанында, жалпы адамзаттың аялы алақанындағы аяулы да аялы қызы болсыншы деген ниетпен Аяла деп осы есімге өзі тоқталды, сондықтан да біз құп алдық”, – деді әнші ағынан жарылып.

Аяланың болашағына қандай жоспар құратыны туралы сұраққа Әбілдина:

“Әзірше буыны қатайып, кішкене қатарға қосылып, ширасыншы. Қазіргі арманымыз, мақсатымыз – дені сау, бөпемізді әп-әдемі өсіріп алсақ, өз аяғымен жүретіндей етіп, содан кейін көре жатармыз”, – деп жауап берді.

Жіберіп алмаңыз:

Төсекке таңылған сүйіктісіне 7 жыл қамқор болған жігіт жұбымен бірге Ернар Айдардың клипіне түсті (фото)

Димаш су тасқынынан зардап шеккен қытайлықтарға 14 миллион теңге аударды

Түсіпбаева: Сымбатты жас қыздарды көргенде өзімді жек көріп кетем

Желідегілер Төреғалиді екінші рет әке атануымен құттықтады

Талқылау