Қарақат: Қыдырәлінің аузы дуалы
Әнші Қарақат Әбілдина жолдасы, белгілі продюсер Қыдырәлі Болмановтың жақсы қасиеттерін айтып «мақтанды».
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Осы кiсiнiң әрқашан айтқаны келедi, аузы дуалы негiзi. Бұл қасиет үнемi жақсы сөйлеп, жақсы ой ойлайтын, жақсылықтың боларына сенетiн, бiр ауыз сөздiң қадiрiн түсiнетiн адамға тән шығар», – деп жазды әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында.
Сондай-ақ, Қыдырәлінің «Жақсы сөз, жарым ырыс» қағидасын берік ұстанатынын тілге тиек етті.
«Отағасы бiзге, бала-шағасына жаман сөз сөйлеуге тыйым салып отырады. Керісiнше ұлдарына Ақ Патшам, 5 дүркiн әлем чемпионы, гений балам деп,-төбесiне көтеруден жалықпайды.Үнемi жақсы сөйлейдi.Онысы жақсы сөздi жастайынан құлағына кұйып, санасына сiңiре берсiн дегенi екен ғой…”Жақсы сөз Жарым ырыс” барша адамзатқа әсiресе бала тарбиесiнде ерекше ескерiлу керек үлкен мәселе бұл …» – деп жалғады сөзін Қыдырәлінің келіншегі.
Желі қолданушылары Қарақаттың бұл ойымен толықтай келісті. «Қарақат ханым үлгілі отбасының ханшайымы», «керемет ой, түсінетін түйсігі бар адамға сабақ», «қазақтың сендердей қызы бар болғанына қуанамыз», – деп жазған желі қолданушылары.
Ерекше пікір қалдырған желі қолданушысы Меруерт өз пікірінде ұлы жазушының сөзін де келтірген екен: «Мұхтар Әуезов «Бақытыңды басқадан емес, балаңнан ізде» деген екен. Сондықтан баланы мақтап, мадақтап өсірген дұрыс деп ойлаймын. Бала жақсы болуға тырысатын болады».
Ал Қарақат адамдарды барын бағалауға, әр нәрсенің қадірін тіршілікте түсінуге шақырды.
«Мақтап отыр демессiз, мактанатын жастан кеттiк кой. Жақын адамдарыңнан көрген, бiлген жақсылықтарыңды бөлiсiп отырудың ерсiлiгi жоқ шығар.
Бiлетiнiмiзден бiлмейтiнiмiз көп. Жол көрсетiп, жөнiн айтатын ақылшыларымыз әрқашан қасымызда болсын! Аман болайық!» – деп түйіндеді сөзін төрт баланың анасы.
Естеріңізде болса, жақында бұл жұп отасқандарына 17 жыл толғанын хабарлап, артынша даудың астында қалған еді. Жұрт Қыдырәлінің бірінші әйелі тележүргізуші Сәуле Әбединова болған деп шулады. Ал Қыдырәлі өзін айыптаған жандарға жауап берді. Сәуле Әбиденова да үнсіз қалмаған еді.