Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат: Кезінде Қыдырәлі 101 раушан гүлін сыйлап, табанымның астын гүлге толтырған (фото)

Бүгінде Қарақаттың қара ниетті оқырмандарынан көңілі қалған. Қызы Аяланың видеосын желіге жүктеген әншіні әлеуметтік желі қолданушылары сынға алған көрінеді. Әбілдина соңғы посттарының бірінде Қыдырәлінің кішкентай ханшайымға гүл сыйлаған сәтін бейнетаспаға түсіріп, инста-парақшасына салған еді.

Алайда, жұлдызды жұптың бұл қадамын әркім өзінше тұжымым жасап жатыр. Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында қос әнші болған жайды баяндап берді.

«Кейбіреулер Қыдырәлі гүл сыйлап жатса басқаша түсінеді. Мысалы, «әлеуметтік желіде көрсету үшін жасайды» – деген түрлі кереғар пікірлер жазып жатады. Тіпті, өткенде қызына гүл сыйлағанда «арнайы дайындалған, алдын-ала жоспарланған немесе сценарий бойынша жасап жатыр, халыққа жақсы көріну үшін» – деп сын айтқандар көп болды», – дейді Қарақат.

Нәзік жандыларды тосын-сыймен қуанту, Болмановтар әулетінде бұрыннан келе жатқан үрдіс болып шықты. Қыдырәлі кезінде де Қарақатты талай мәрте гүлмен көмкергенін, бес баланың анасы мақтанышпен еске алады. Сондықтан, «ту сыртымыздан кереғар пікір білдіргендердің сыны орынсыз» – деп отыр Қарақат.

«Шынын айтайын, бұрын ешқандай әлеуметтік желі болмаған кезде де Қыдекең маған 101 раушан гүлін құлатып, табанымызға сеуіп, жолымыздың бойына төгіп, талай тосын-сыйларды, талай өзінің ыстық ықыласын көрсеткен еді. Сондықтан да тәубе деймін. Бұл біздің отбасындағы үрдіс. Бүгінде балаларымды әкесінен көргенін істеп, маған жиі гүл сыйлап тұрады», – дейді Қарақат Әбілдина.

Сондай-ақ, Қыдырәлінің төрт атұстары да өмірде анасының көңілін жиі көтеріп тұрады екен. «Бүгінде балаларымның әйел затына ерекше құрмет көрсетуін жиі қадағалап отырамын» – дейді Болманов.

«Менің ұлдарымның барлығы гүл сыйлауға құмар. Кішкентай ұлым үшін гүлдің қайда өсеп тұрғаны маңызды емес. Кез-келген жерден жұлып әкеліп, анасына сыйлап жатады. Балаларымды гүл сыйлауға үйретіп, қыз баласын, жалпы әйел затын құрметтуге әрдайым үйретіп отырамын. Кішкентай кезінен бастап, қолымнан келгенше тәрбиелеп келе жатырмын. Сондықтан барлығымыздың гүл сыйлауға деген құштарлығымыз күшті», – дейді Қыдырәлі.

Жіберіп алмаңыз:

Әбдіжаппар Әлқожа 5 жыл ауруханада жатқан кезін еске алып, көзіне жас алды

Дастан Оразбеков Төреғалидің әкесімен жаға жыртысқанын ашық айтты

Мейрамбек Бесбаев: Мерейтойыңда тілек айтамыз деп жүргенде, жаназаңда сапқа тұрып қалдық (видео)

Қалдыбек Құрманәлі жұлдыз ауруына шалдыққан әншілердің бетпердесін ашты

Қалыңмал берген жоқ: Нұрбигүл Егізова келін болып түскен өңірдің елде жоқ салттары туралы айтты (фото)

 

 

Талқылау