Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина келіншектерге тұшпара-тоқаш пісіруді үйретті (фото)

Қарақат Әбілдина фирмалық тұшпара-тоқашының рецептін бөлісіп, моншада қандай косметика қолданатынын да жасырмады.

0000

Фото: instagram.com/karakat_a/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Қазақстандық шоу бизнесте саусағынан бал тамған қыз-келіншектердің қатарында Қарақат Әбілдина бар. Үнемі желідегі парақшасында әзірлеген тамақтарының суретін бөлісіп отырады. Бұл жолы балаларымен бірге тұшпара-тоқаш әзірлеген екен.

“Біз отбасымызбен картоп салынған тұшпараны жақсы көреміз. Бүгін соны құлыншақтарымның көмегімен жасадық. Рецепті оңай. Жылы сүтке бір шымшым ас содасын қосамыз. Ұнға тұз, бір жұмыртқа қосып нанды илеп, жарты сағатқа тоңазытқышқа салып қоямыз. Алдын ала пісіп тұрған картопты езіп, сары май, қара бұрышпен бірге аралстырамыз. Кейін нанның ішіне салып, майға қуырып аламыз. Бар болғаны осы. Сәттілік тілеймін. Кейін араларыңызда жасағандар болса, бөлісе отырыңыздар”, – дейді Қарақат Әбілдина.

Әнші жексенбіде отбасымен бірге ас әзірлеп қана қоймай, моншаға түскен екен. Инстаграм парақшасынан жұлдызды жұптың балаларымен бірге моншаға барғанды ұнататындығын байқауға болады. Бұл жолы Қарақат моншада қандай косметологиялық рәсімдер жасайтынын айтты.

image

“Асыққан кезде ғана болмаса, мен шашымды фенмен кептірмеймін. Ол шашты құрғатып, табиғи реңін кетіреді. Сол сияқты моншаны жақсы көретіндерге кішігірім кеңесім бар. Балға 5 ас қасық тұз бен 2 ас қасық ас содасын қосып араластырыңыз. Артынша денеңізге жақсылап жағып ысқылаңыз. Теріңізге өте пайдалы әрі жағымды әсер сыйлайды. Біздің тілмен айтқанда “Денеңіз ән салады”, – дейді ол.

Кеңестерін кәдесіне жаратқан желі қолданушылары әншіге алғыс айтты. “Қарақат, рахмет! Шынында, сіз жазған скраб өте керемет екен. Бүгін моншаға барып пайдаланып көрдім”, “Қарақат ханым, бір ретте қалай диетаға отырғаныңызды айтып беріңізші”, “Мұнымен қатар, шашыңызға қалай күтім жасайтыныңызды айтып өтіңізші” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Ауылдастары Қарақат Әбілдинаның мінезін марқұм енесіне ұқсатты (видео)

Қыдырәлі: Қарақат екеуіміздің 550 адамға арналған тойымызды әкесіне бола жасадым

Қыдырәлі жарының тұңғышын өмірге әкелген күнді еске алып, естеліктерімен бөлісті

Болманов: Жанар екеуміз бір бөлмеде, бір көрпені жамылып жататын дос болғанбыз

Талқылау