Қарақат Әбілдина: Қазақ қыздары мен келіндеріне менің жолымды берсін
Желі қолданушылары Қарақат Әбілдинаны Қыдырәлі Болмановтың әйелі емес, анасы секілді деп сынға алды. Алайда әнші Әбілдина қазақ қыздары мен келіндеріне өз жолын берсін деп тіледі.
“Кешегі Көк Төбеден салған видеоның астына түрлі пікір жазылды ғой шіркін. Комменттердің бәрін ара тұра бір шолып шығатын әдетім, көзі әдемілікті көріп, көңілі сұлулықты танитын Жақсыларым Көк Төбенің әсемдігіне тамсанып, ізгі сөздер жазып жатыр, бар болыңыз!
Әрине әр адамның танымы, түсінігі, түйсігі әрқилы. "Қыдырәлінің анасындай болып тұр" дей ме, "апасы" дей ме, қазіргі дене пішіміме байланысты да ой айтылмай қалмапты.
Шын мәнінде “Ана” деген кім? Ана деген ақ тілеуің, жанашырың, жетістігіңе қуанып, баласына қашан да бақыт қана тілейтін адам емес пе?
Қыдекеңнің анасы өмірден ерте өтті. Қып-қызыл бейнетпен өсірген ұл-қызының рақатын көрмей, балапандары жетіліп, қанаттары қатайып, өз қолдары аузына жете бергенде, ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, келіннің қолынан шай ішіп, немере сүйіп, бейнетінің нағыз зейнетін көретін уағында, небәрі 50-ден асқан шағында бәрін артында қалдырып кете барды.
Қыдекеңнің "анам өсіп-өнгенімді көре алмады-ау" деп қиналатыны бар…
- Түріктерді мақтаған Қарақат Әбілдина қазақ халқының кемшілігін айтты
- "Некесіз туған балам жоқ": Қыдырәлі Болманов Қарақаттың сөзін жоққа шығарды
Оның мұңын жан-дүниеммен түсінетін мен отау құрғаннан осы уақытқа дейін Азаматымның көтерілсе демеуіші, сүрінсе сүйеніші, тайғанаса таянышы болып келемін. Жар ретінде бар ғұмырым мен мейірімімді арнағаныммен ананың орны ол басқа. Бірақ та, жылдар өте анадан кейінгі ең жақының - жаныңдағы жарың болатыны дау емес”, деп жазды Қарақат Әбілдина.
Әнші керісінше қазақ қыздары мен келіндеріне өз жолын берсін деп тіледі.
“Сондықтан да, мен ақылсыздау ауыздан шыққан бұл арзан сөзге еш алдырмаймын.
Керісінше, әр қазақтың қызына, келініне менің жолымды беріп, жұмысты жапырып істеп, тірлікті төңкеріп жүріп, соның арасында 6-7 бала тауып, қонақты да күтіп, еңбекті де етіп, жарды да жақсы жаққа жетелеп, мен сияқты толған айдай толысыпп, домаланған, жардай келіншек болуларын тілеймін!Әмин деңіз, жақсы адамдарым”, – деп жазды ол.
“Ақылыңа көркің сай.бар жақсылыққа бақытты болуға лайықтысың”, “Қарақат қызым анасына ұқсап қалыпсыз десе “иә” деңіз. Ол заңдылық. Ұзақ жылдар бірге тұрып мәпелеп азаматыңды құрметтеп, кимін дайындап, тамағын дайындап берген соң тұңғыш балаңдай болып кетеді. Бұл жағдай әр қазақ қызының басына келеді. Басына келсін да”, “Қазақтың әрбір әйелі Сіздей болып алсын! Бақытты Ана, Асыл жар, Дана келінсіз. Енді ақ жаулықты Асыл әже болыңыз”, “Қазақтың қыздарына үлгісіз!”, – деп жазды желі қолданушылары.