Қарағанды тұрғыны баласының перзентхана дәрігерлері кесірінен қайтыс болғанын дәлелдеп берді
Қарағандыда келіншек баласының өліміне кінәлі перзентхананы сотқа беріп, моральдық және материалдық шығын үшін 1,029 млн теңге өндіріп алды.
Келіншек перзентхана дәрігерлерін баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын алдын ала анықтап, нақты диагноз қоя алмады деп анықтаған. Дәрігерлердің салғырттығынан нәресе өмірге келісімен шетінеп кеткен. Бұл туралы Қазыбек би ауданына қарасты №2 соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
« 2016 жылдың 29 желтоқсаны күні 00.50-де « Жүктіліктің 41-ші аптасы. Жалған толғақ. Нәресте іште жатып салмақ жинап алған.пилеонефриттің соңғы сатысында» деген диагнозбен келіншек келген. 30 желтоқсан күні ота арқылы бала дүниеге келген. 3 қаңтар күні жаңа туған нәресте шетінеп кеткен»,-деп жазған шағымданушы өз арызында.
Оның сөзінше дәрігерлер баланы босандырған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Әйелдің суы кетіп, бала жатырда 36 сағат бойына қалып қойған.
«Сот жәбірленушінің арызын қанағаттандырып, моральдық шығын есебінде 1 млн, материалдық шығын есебінде 29 мың теңге өндіріп берді. Дәрігерлердің бала мен ананың жағдайына жауапсыздықпен қарағаны толықтай дәлелденді»,-деп жазылған хатта.
Оқи отырыңыз:
Талғат Жорабаевқа қоқан-лоққы көрсеткен Төреғалидің қай “көкесі” екені анықталды (видео)
Мамандар ғашықтар арасындағы махаббат пен сыйластықты өмір бойына сақтап тұрудың құпиясын ашты
Әскери қызметші қонаққа барып, екі отбасын қауіпті қылмыскерден құтқарып қалды
Қазақстанда көлікті мемлекеттік тіркеуге қою ережесі өзгерді