Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы қос бүлдіршіннің өліміне базардан сатып алынған шұжық себеп болуы мүмкін

Қарағандыда жұқпалы аурулар ауруханаларында көз жұмған қос бүлдіршіннің өліміне базардан сатып алынған шұжық себеп болуы мүмкін.

Бұл облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтып отырған алдын ала болжамы ғана, деп хабарлайды 31 арна.

Бірінен соң бірі күрделі ішек ауруынан қайтыс болған Айзере Қаһарманова мен Аслан Манасовтың нақты неден уланғанын гистологиялық зерттеу нәтижесі көрсетеді. Ал бала өлімі болған облыстық және Теміртау қаласының жұқпалы аурулар ауруханаларында қызметтік тексеріс жүргізілуде. Әзірге құрылған арнайы комиссия мүшелері ауруханалардың бірінде жаңа жыл қарсаңында орнатылуы тиіс қосымша медициналық бекеттердің болмағанын анықтады.

Дегенмен дәрігерлерге сөгіс жарияланды деген облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері аталған кемшіліктерді қайғылы оқиғалармен байланыстырмайды. Ал айдың-күннің аманында перзенттерінен айырылып қалған аналарға қызметтік тексеріс барысын қадағалауға рұқсат етілді. Егер ақ халаттылардың дұрыс күтім жасалмағаны расталса, мамандар жауапкершілікке тартылады.

“Біз қазір алдын ала болжам ғана жасай аламыз. Екі баланың да шұжық жегені рас. Бірақ бұл нақты шұжықтан уланды деген сөз емес. Балаларға қандай дәрежеде көмек көрсетілді, қандай ем-  шаралары жасалды оның бәрі  қызметтік тексеріс аяқталған соң, яғни ақпанның 13 күні белгілі болады”,  дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев.

Еске сала кетейік, 31 желтоқсан күні Қарағанды облыстық ауруханасында  3 жастағы Айзере қайтыс болған еді.

Ал, 3 қаңтарда Теміртау ауруханасында ішек инфекциясынан бір жарым жастағы Аслан Манасов көз жұмды.

Тағы да оқыңыз:

Таразда бірнеше жігіт бір адамды жабылып сабап өлтіріп кетті

Ақтөбеде қыздары хиджаб киген ата-аналар Бердібек Сапарбаевты іздеп әкімдікте шу шығарды

Қазақстандық бухгалтерлерге хакерлерден қауіп төнуде

Талқылау