Қарағандыда зымыран бөлшектерінен зардап шеккен екінші адам көз жұмды
Зымыранның құлауынан зардап шеккен Вячяслав Тыц ақыры көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Вячеслав Тыц өртті сөндіру кезінде зардап шеккен. Ол ресейлік «Машина жасау ҒӨБ» кәсіпорының 49 жастағы қызметкері. Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан «Союз 2.1а» зымыран тасығышының бөлінген бөлшектері құлауы салдарынан өрт шыққан.
«Өкінішке орай Вячеслав Тыцты аман алып қалу мүмкін болмады. Оның жарақаты өте ауыр болды, ол бүгін көз жұмды. Термикалық жарақат бұлшықеттерді зақымдаған»,- Мақажанов атындағы ортопедия және травмотология орталығының қызметкері деді Хафиза Макажанова.
Естеріңізге салсақ, маусымның 14 күні Жезқазғаннан 60 шақырым жерге «Союз» зымыран тасығышының бөлшектері құлаған болатын. Қатты желден от 10 гектер жерге жайылып, Роскосмосқа қарасты мекеменің екі жұмысшысы өрт ішінде қалған-ды. Бірі оқиға орынында тіл тартпай кетсе, екіншісі оңбай күйді.
Тағы да оқыңыз:
Шымкент балабақшасында екі жасар бала қайтыс болды
Оралда құрылыс орнынан табылған жаңа туған сәбидің анасы ұсталды