Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жас балалар көшедегі мысықтың баласын ұрып-соғып көзін ағызып жіберген

Еріктілер соңғы кезде жас балалардың қараусыз қалған үй хайуанаттарына қатігездік көрсетіп жүргенін айтты.

43571161

Қарағанды көшесінде бүлдіршін балалар мысықтың баласын ұстап алып, оны ұрып-соғып, бір көзін ағызып жіберген. Екінші көзін ағызғалы тұрғанда әлдебір қыз көріп қалып құтқарып қалады.

Бойжеткен мұндай жағдайды бірнеше рет көрген екен. Ол осылай зорлық көрген бірнеше мысықты жақсы адамдардың қолына табыстаған.

Бойжеткен бұл жайлы желідегі “Кошкин дом” тобында хабарлама таратты. Хабарлама сол сәттен бастап қызу талқыланып, қолданушылар толассыз пікір жазып жатты. Олар мұндай балаларға тәрбие бермеген ата-аналарын сөкті.

Олар мұндай жайттарға қатысты дерек аз болғандықтан, полицейлер көп жұмыс істей бермейтінін айтады.

“Егер қазірдің өзінде жануарларға осылай зорлық көрсетсе, ертең ер жеткенде одан да үлкен қылмыстарға барады”, – деп жазады желі қолданушылары.

Тағы да оқыңыз:
Талқылау