Шахтинскіде 17 жастағы бала өрттен құтқарған қыз қайтыс болды
Қарағандыда жер үйдегі газ жарылысынан кейін оңбай күйген 16 жастағы Анна Шилина да ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірін сақтау үшін 12 күн алысқандарымен қыздың демі үзіліп кеткен. Өткен аптада қыздың ғашығы 24 жастағы Даниил Ефимов есін жимастан жансақтау бөлімінде жан тапсырған еді. Бұл туралы КТК хабарлады.
Ал Анна көзін ашып, тілге келгенімен ағзасы жарақатқа шыдас бермеген.
Естеріңізге салсақ, Шахтинск қаласы маңындағы жер үйлердің бірінде ақпанның 19-ы күні газ баллоны жарылған. Өртке оранған үйде Даниил Ефимов пен Анна Шилина қалып қойып, оңбай күйген болатын. Оларды үйден көршісі Алексей Шинкарев көтеріп алып шыққан. Ал баспананың дымы қалмай жанып кетті.
Қазір жалғыз ұлынан айрылған үйдің иесі Елена Ефимоваға еріктілер қаражат жинап жатыр. Марқұм қыздың артында інісі мен әкесі қалды.
«Негізінде қызды шоктан шығардық. Бірақ та күйік кезеңдерінде екі ота және отодермопластика жасалды. Өкінішке орай қатты жарақат алған науқас қиын жағдайдан шыға алмады»,- деді Қарағанды облыстық травматология және ортопедия клиникасы бас дәрігерінің орынбасары Берік Түлеубаев.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда танымал банктің банкоматын тонап кетті
Алматы облысында 7 жасар бала мектеп ауласындағы арыққа құлап, қайтыс болды
Әкесі байқаусызда екі жасар ұлын өлтіріп қойды
Жамбыл облысындағы ауылдарды топан су басып, көліктерді ағызып әкетті

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
