Шахтинскіде 17 жастағы бала жанып тұрған үйге кіріп,  досы мен оның құрбысын құтқарды

Шахтинскіде 17 жастағы жасөспірім екі адамды өртеніп жатқан үйден алып шықты. 19 ақпанда сағат 17.00-де Солтүстік-Батыс ауылының Загаражная көшесіндегі үйдің газ баллоны жарылып, өрт шықты. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

Екі қожалыққа бөлінген жеке үй біртіндеп өртеніп кетті. Өрт тұтанғанда үйде 24 жастағы үй иесі Даниил мен оның сүйіктісі Анна болған. Олар жарылған газдың даусын сезбей ұйықтап жатқан. Сол уақытта көмір алуға шыққан көршісі 17 жасар Алексей Шинкарев өртеніп жатқан үйді көріп, досының үйіне қарай жүгірген.

«Бұл үйде менің ескі досым, әрі көршім Даниил ата-анасымен тұрады. Үйдің өртеніп жатқанын көріп, ештеңе ойламай бірден досымның үйіне жүгірдім. Есікті сындырып үйге кірсем, Даниил жарақаттан жүре алмай, айқайлап жатыр. Оны көтеріп шығарып, өз үйіме апардым. Өрт болған үйге қайтып оралып досымның құрбысы Аннаны, артынша сол үйдің мысығын алып шықтым»,-дейді Алексей.

Ержүрек құтқарушы бірден жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған. Асексей өртті көргенде өзінің жан амандығы туралы мүлде ойламай, досын құтқаруға асыққанын айтты. Ол осы уақытқа дейін адам өмірін құтқарып көрмеппін дейді. Сондай-ақ, ешқандай дене жарақатын алмаған жігіт жәй ғана жолым болды деп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Петропавлда полицейлер мен өрт сөндірушілер өзіне қол салмақ болған жігітті құтқарып қалды

Астанада жаңа салынып жатқан медресе өртенді

 ШҚО-да жүргізуші көлігімен мұзға батып кетті

Ақтау-Бейнеу тас жолында көлік апатынан үш адам қаза тапты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар