Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

 ШҚО-да жүргізуші көлігімен мұзға батып кетті

Облыс орталығының балықшылары Күршім ауданына сүйікті ісімен айналысу үшін келген. Ер адамдар көлік салмағын көтере алмайтын мұздың үстімен жүрген. Екі жолаушы автокөліктен шығып үлгеріп, жүргізуші қайтыс болды.

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Қайғылы жағдай 17-ші ақпанда Күршім ауданының Алғабас ауылынан бірнеше шақырым жерде орналасқан Бұқтырма су қоймасында орын алды. Өскеменде Nissan Almera автокөлігімен үш ер адам қамысқа қарай бет алған. Мамандар осы жер телімінде мұз қабатының жүқа екенін айтып отыр. Бір күн бұрын қар жауғандықтан, мұздың қалыңдығы дұрыс көрінбеген. Балықшылар автокөліктің салмағын көтере алмайтын мұзға өтіп кетіп, опат болып отыр.

«1966 жылы туылған екі ер адам су астына кеткен көліктен шығып үлгерген. Жәбірленушілер құтқару қызметіне хабарласқаннан кейін, оларды жедел жәрдем Күршім ауылына жеткізген. Кеш батып кеткендіктен жүргізушіні іздестіру кейінге қалдырылды. Келесі күні таңертең 68 жастағы ер адамның денесі үш метр тереңдіктен алынды», – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі, АЭРОҰТҚЫР 9-шы бөлімінің басшысы Талғат Нұржановтың сөзін жеткізіп.

Оқиға орын алған жердегі мұздың қалыңдығы 20 сантиметрге жуық.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтау-Бейнеу тас жолында көлік апатынан үш адам қаза тапты

Астанада микротолқынды пештің салдарынан ТЖО өртенді

Қапшағай су қоймасында автокөлік мұз астына түсіп кетті (фото)

Алматыда «Тастақ» базарының маңындағы екі қабатты ғимарат өртеніп кетті

 

Талқылау