Алматыда «Тастақ» базарының маңындағы екі қабатты ғимарат өртеніп кетті

Алматының өрт сөндірушілері жексенбі күні таңертең ірі өртті сөндірді, деп хабарлайды қалалық ТЖ департаментінің ресми өкілі. 18 ақпан күні сағат 07:29-да құтқарушыларға Алмалы ауданы, Гайдар көшесі, 107 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Айта кетейік, бұл ғимаратқа жақын жерде “Тастақ” базары орналасқан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына сегіз минуттан кейін келген. Бұл туралы Sputnik Қазақстан

хабарлады.

“Белгілі болғандай, жеке тұрғын үй аумағында орналасқан екі қабатты ғимараттың екінші қабаты мен шатыры өртенген”, — деп хабарлады қалалық ТЖ департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт сағат 08:31-де сөндірілді. Жалын 290 шаршы метр аумаққа шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге 44 адам мен 14 техника жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз:

Тағы да оқушы өлімі: Шымкентте 8-сынып оқушы асылып қалды

Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келген 3 миллионыншы тұрғынға пәтер сыйға беріледі

Ер адам дәретхана құбырына түсіп кетіп 3 күн бойы шыға алмаған (видео)

Қарағанды облысында СПИД таратуы мүмкін инелерді кімнің төккені тексеріліп жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар