Қарағанды облысында СПИД таратуы мүмкін инелерді кімнің төккені тексеріліп жатыр

Қарағанды облысында қауіпті аурулар өршуі мүмкін! Оған себеп: әлдекімдер Новодолинка ауылының маңына пайдаланылған медициналық қалдықтарды төгіп кетіпті, деп хабарлайды КТК.

Қоршаған орта мен тұрғындарға қауіп төндіргендерді қазір полиция іздестіріп жатыр. Ал мамандар қалдықтардың ЖИТС (СПИД) секілді ауруларды таратуы мүмкін екенін айтып отыр.

Қауіпті қалдықтарды тұрғындар тауып алған. Осы маңда малы жайылып, балалары ойнап жүрген олар енді қорқып отыр. Айтуларынша, белгісіз біреулер қалдықтарды алып келіп, өртеген. Бірақ инелер мен ампулалар, бір рет қолданылатын гинекологиялық айналар түгелдей жанып кетпей, сол бойы қалып қойыпты. Тұрғындар, пайдаланылған медициналық заттарды жақын маңдағы ауруханадағылар лақтырып кеткен деп топшылайды. Алайда дәрігерлер азар да безер болып, бірден бастарын алып қашты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар өздеріне қарасты мекемелердің медициналық қалдықтары Қарағандыдағы арнайы зауытта  жойылады деп отыр. Ал санитарлар бұның қауіпті аурулар ошағы болуы мүмкін екенін айтады.

“Медициналық қалдықтар жұқпалы АИВ (ВИЧ), ЖИТС (СПИД), В және С гепатитімен ауырғандарға пайдаланылған шығар, кім білген? Сондай-ақ, егер тері жабындыларына зақым келсе, сіреспе, сепсис секілді аурулар да болуы мүмкін”, – дейді  Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Ләззат Секербаева.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандық оқушы Шешенстан президентінің балаларын жекпе жекке шақырды

Тәрбиешісі балабақша маңында ұмытып кеткен 3 жасар қыз үсіп өлді

Атырауда әйелі мен баласын перзентханадан шығарып алмақ болған ер адам шоу ұйымдастырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар