Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәрбиешісі балабақша маңында ұмытып кеткен 3 жасар қыз үсіп өлді

Жаңа Мәскеуде №2120 балабақшаның тәрбиешілері серуенге шыққаннан кейін, 3 жасар баланы ұмытып кеткен. Олар баланың жоқ екенін 2 сағат өткеннен кейін байқаған. Бүлдіршінді іздеген тәрбиешілер оны қарда жатқан жерінен тауып алыпты. Өкінішке орай, қыз бала қайтыс болып кеткен екен, деп хабарлайды Лайф басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға Московский қаласында орын алған. Балабақша  тәрбиешілері таңертең балаларды серуенге алып шыққан. Мұнан кейін олар қайтып келіп, бүлдіршіндерді тамақтануға жіберіпті. Біраз уақыттан кейін балалардың бірі жоқ екенін байқаған тәрбиешілер оны іздей бастаған.

Қыз бала сағат 11:45 шамасында қарда жатқан жерінен табылған. Ол кезде қыздың тынысы тоқтаған екен. Тәрбиешілер бүлдіршінді топқа алып барып, жедел жәрдем шақырады. Алайда дәрігерлер жеткеншен, қыз қайтыс болып кеткен.

Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Кей деректер бойынша, бүлдіршін серуен кезінде өзін нашар сезініп, құлап қалып, салдарынан үсіп қалған болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында бұзылған жылытқыштың кесірінен анасы мен баласы көз жұмды

Хромтауда өрттен екі бала қайтыс болды

Талдықорғанда ер адам асылып қалды

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам опат болды

Талқылау