Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам дәретхана құбырына түсіп кетіп 3 күн бойы шыға алмаған (видео)

Лондон қаласының маңында кәріз құдығына түсіп кетіп, 3 күн бойы шыға алмай, жер астында қалған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Жергілікті тұрғындар жер астынан шыққан әлдекімнің көмекке шақырған даусын естіп, құтқарушыларды шақырыпты. Полицейлер кәріз құдығын ашып, зардап шегушіге шығуға көмектескен.

«Бұл біртүрлі жайт болды. Оның үсті-басы лас еді. Байқауымша, аяқ киімі де жоқ», – дейді куәгерлердің бірі.

48 жастағы ер адамның айтуынша, ол ашық тұрған кәріз құдығына аңдаусызда түсіп кетіп, шыға алмай қалған. Мұнан кейін шығатын жол іздеуге кірісіпті. Ол 3 күні ішінде жер астында 10 шақырым жер жүрген. Құтқарушылар ер адамды жер бетіне алып шыққаннан кейін, ол бірден темекі сұрады.

Ол лондондық кәріз құдықтарына жауап беретін Thames Water компаниясы ер адамның сөзіне күмән келтірді. Компания өкілдерінің пікірінше, ол өзін құтқарып алған орыннан бір жарым шақырым жердегі суағар арқылы кәріз құбырына түскен.

Оқи отырыңыз:

Егіздердің бірігіп кеткен жүрегін ажырату үшін 75 дәрігер 7 сағат ота жасады (фото)

Ер адам өз ұсынысынан бас тартқан әйелдің бетіне қышқыл шашып жіберген

Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада бір журналист қайтыс болды

Тәрбиешісі балабақша маңында ұмытып кеткен 3 жасар қыз үсіп өлді

Талқылау